Футзалдан әлем чемпионаты: Президент Қазақстан құрамасын жартылай финалға шығуымен құттықтады

Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының жартылай финалына шықты.

Мемлекет басшысы футзалдан Қазақстан құрамасын әлем чемпионатының жартылай финалына шығуымен құттықтады.

«Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы алғаш рет әлем чемпионатының жартылай финалына шығып, керемет сенсация жасады. Құтты болсын! Алдағы ойындарына да сәттілік тілеймін!» – деп жазды ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Дүбірлі дода Литва қаласында өтіп жатыр. Рикардо Каканың шәкірттері бұл жолы Иранмен жолығып, 3:2 есебімен басым түсті. Ойын басынан қарсыластар ширақ қимылдаған. Алайда үзілістен кейін жерлестеріміз ес жинап, шабуылды үдетті. Алдымен Самими өз қақпасына гол соғып алды. Артынша біздің құрамадағы Арнольд Кнауб пен Тайнан нысанадан мүлт кетпей, ұпайды еселеді.

Айта кетейік, Қазақстан тарихта алғаш рет әлем чемпионатының жартылай финалында өнер көрсетеді. Енді жігіттер финалдық сынның жолдамасын 30 қыркүйекте Португалиямен сарапқа салады.