Тарихта тұңғыш рет: футзалдан Қазақстан құрамасы ӘЧ жартылай финалына шықты

Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының жартылай финалына шықты.

Дүбірлі дода Литва қаласында өтіп жатыр. Рикардо Каканың шәкірттері бұл жолы Иранмен жолығып, 3:2 есебімен басым түсті. Ойын басынан қарсыластар ширақ қимылдаған. Алайда үзілістен кейін жерлестеріміз ес жинап, шабуылды үдетті. Алдымен Самими өз қақпасына гол соғып алды. Артынша біздің құрамадағы Арнольд Кнауб пен Тайнан нысанадан мүлт кетпей, ұпайды еселеді.

Айта кетейік, Қазақстан тарихта алғаш рет әлем чемпионатының жартылай финалында өнер көрсетеді. Енді жігіттер финалдық сынның жолдамасын 30 қыркүйекте Португалиямен сарапқа салады.