425,63 492.05 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

«Астықжан» сауда орталығындағы өртке байланысты қылмыстық іс қозғалды

  • 254
  • UPD: 18:41, 02.10.2021

Елордадағы сауда үйіндегі өрттен жиһаз цехының қызметкері зардап шекті. 20 жастағы қыз бала ауруханаға жеткізілді.

Қазір оның жағдайы орташа ауыр дейді мамандар. 

Еске салсақ, бүгін таңертең «Астықжан» сауда орталығының жиһаз салоны отқа оранды. Өрт сөндіру қызметіне оқыс оқиға туралы хабарлама таңғы 10-дар шамасында келіп түскен. Қалалық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, тілсіз жаумен 80-ге жуық өрт сөндіруші арпалысып, 20 шақты техника жұмылдырылған. Шығын көлемін анықтау үшін әкімдік пен сауда үйінің өкілдері құрамынан жедел штаб құрылды. Оттың неден тұтанғаны туралы әзірге нақты ақпарат жоқ. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.

Назарәлі Селімов, ТЖД қалалық өрт сөндіру қызметінің басшысы:

- Екінші және үшінші қабаттан өрттің жануы анықталды. Өрт сөндірушілер келгенге дейін екінші қабаттан 2001 жылғы қызметкер секіріп түскен. Бір адам зардап шеккен. Ол медицина қызметкерлеріне тапсырылды.

Хабар 24 телеарнасы