Бүгін – мұғалімдер күні

Бүгін – мұғалімдердің төл мерекесі. Айтулы мейрам қазанның алғашқы жексенбісінде атап өтіледі.

Бүгінде елімізде жас ұрпақтың бойына білім мен ізгілік нәрін себетін 368 мыңға жуық педагог бар.

Ақиық ақын Мағжан Жұмабаевтың «Алты алаштың басы бір жерге қосылса, төрдегі орын ұстаздікі» деген бірауыз сөзі осынау мамандық иелерінің қоғамдағы орнын айшықтап тұрғандай.

Жас ұрпақтың бойына біліммен қоса ізгілік нәрін себетін мұғалімдер қауымы үшін биыл біраз өзгеріс болғаны рас. Бұрынғыдай қаумалап оқушылар жүрген жоқ. Үйреншікті тақта мен борды бүгінде компьютер алмастырған.

1994 жылдан бері дүниежүзінің 100-ден астам мемлекетінде қазан айының алғашқы жексенбісі мұғалімдер мен білім беру саласындағы қызметкерлердің кәсіби мерекесі болып белгіленген. Кей мемлекеттер бұл мерекені 5 қазан күні атап өтеді.

Біздің мемлекетімізде де бұл мерекені қазан айының алғашқы жексенбісіне белгілеген. Дәлірек айтсақ, мұғалімдер күні 1965 жылы 29 қыркүйекте КСРО жоғарғы кеңесі президумының бұйрығымен қазан айының алғашқы жексенбісіне қойылған. Сондай-ақ 1966 жылы 5 қазанда ЮНЕСКО мен Халықаралық еңбек ұйымының өкілдері "Мұғалімдердің мәртебесіне қатысты ұсыныстар" құжатына қол қойған.

 

Сондай-ақ...