Қ.Тоқаев: Мемлекеттің мұғалімдерді жан-жақты қолдау саясаты жалғаса береді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтады.

Бұл туралы Twitter-де хабарлады.

«Ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Еліміздегі білім сапасы, ұлттың бәсекелік қабілеті жоғары болуы сіздердің біліктіліктеріңіз бен қажырлы еңбектеріңізге байланысты. Мемлекеттің мұғалімдерді жан-жақты қолдау саясаты жалғаса береді. Мәртебелі қызметтеріңіз табысты болсын!», - деп құттықтады Қ.Тоқаев.