425,63 492.05 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райы туралы ескерту жарияланды

  • 219
  • UPD: 23:41, 03.10.2021
Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райы туралы ескерту жарияланды

4 қазанда Қостанай облысының оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын. Облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші күндіз облыстың оңтүстік-шығысында 15-20 м/с күтіледі.

4 қазанда күндіз Маңғыстау облысының басым бөлігінде жаңбыр күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында 15-20 м/с күтіледі.

4 қазанда Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде 15-20 м/с күтіледі.

4 қазанда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

4 қазанда Қызылорда облысының солтүстігінде түнде 2 градус үсік күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі.

Түнде 4-6 қазанда Алматы облысының солтүстігінде, таулы аудандарында, тау бөктерінде 3 градусқа дейін үсік сақталады. Талдықорган қ.: түнде 4-6 қазанда 1-3 °С үсік сақталады.

4 қазанда Павлодар облысының батысында көктайғақ күтіледі

4 қазанда Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Петропавл қ: күндіз 4 қазанда жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Нұр-Сұлтан қ.: 4 қазанда көктайғақ күтіледі.

Қазгидромет

Хабар 24 телеарнасы