Зейнетке шығуды «кейінге қалдыру» құқығы берілуі мүмкін

Қазақстанда зейнет жасына жеткен адамдар үшін зейнеткерлікке шығуды «кейінге қалдыру» құқығы берілмек.

Бұл болашақта ең төменгі кепілдендірілген зейнетақыны жоғары мөлшерде алуға мүмкіндік береді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дайындаған тұжырымдамасында айтылды. Сондай ақ 2023 жылдан бастап жұмыс берушілер әр қызметкерге өз есебінен 5% зейнетақы жарнасын аударуға тиіс. Жауапты ведомство зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына түзетулер енгізді. Құжатта бұдан басқада  бірқатар өзгерістер бар. Сонымен қатар, қазір ең төменгі кепілдендірілген зейнетақыны тағайындау тетігі пысықталып жатыр.