Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келді, деп хабарлайды «Хабар 24». Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жариялады.

Сапар барысында Президент иммунобиологиялық препараттар шығаратын биофармацевтикалық зауытқа барып, вакцина әзірлеу барысымен танысады.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы әлеуметтік нысандарды аралап, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы есебін тыңдайды.