Қазақстанда суармалы жерлердің көлемі ұлғаяды

Елде суармалы жерлердің көлемі ұлғаяды. Алдағы 5 жылда 600 мың гектар аумақ қайта қалпына келтіріледі.

Салаға жауаптылар осылай сендіріп отыр. Қазір елде 1,6 млн гектар суармалы алқап бар. Президент оның көлемін 2030 жылға дейін 3 млн гектарға дейін жеткізуді міндеттеген еді. Мамандар бұл тапсырманы жоспар бойынша орындаймыз дейді.