Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыратын ұлттық жобаға 16 трлн теңге жұмсалмақ

Үкімет отырысында белгілі болғандай, аталған соманың 402 миллиарды бюджеттен бөлінсе, қалғанын инвестиция арқылы тарту көзделген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ауқымды жоба елдегі тұрақты экономикалық өсімді 5 процентке көтеруге ықпал етпек. Оның аясында өңдеу өнеркәсібімен айналысатын зауыттарды жаңғырту жоспарда бар. Сондай-ақ 1 мың белсенді экспорттаушының сыртқы нарыққа шығуына жол береді. 300 отандық кәсіпкер өз тауарын «Alibaba» мен «Amazon» сияқты халықаралық электрондық платформалар арқылы саудалайтын болады. Ал 2025 жылы 5 мұнай-газ-химия зауыты іске қосылады.