Қ.Тоқаев ТМД елдері басшылары кеңесінің кезекті отырысына қатысады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің кезекті отырысына қатысады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Мемлекет басшысының Баспасөз хатшысы Берік Уәли Фейсбуктегі парақшасында хабарлады.

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 15 қазан күні Беларусь Республикасының төрағалығымен бейнебайланыс режимінде өтетін ТМД ұйымына мүше мемлекеттер басшылары Кеңесінің кезекті отырысына қатысады. ТМД елдерінің басшылары Достастық аясындағы ынтымақтастықты тереңдетудің жағдайы мен перспективаларын талқылайды», – делінген мәліметте. 

2022 жылы ТМД ұйымына Қазақстан төрағалық етеді.