434.16 493.30 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қ.Тоқаев ТМД кеңістігінде вакцина паспортын өзара тануды жеделдетуді ұсынды

  • 290
  • UPD: 16:35, 15.10.2021
Қ.Тоқаев ТМД кеңістігінде вакцина паспортын өзара тануды жеделдетуді ұсынды

Қазақстан – коронавирусқа қарсы вакцина шығарған санаулы мемлекеттің бірі.

QazVac Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында тиісті мақұлдау процесінен өтіп жатыр. Дей тұрғанмен тиімділігін дәлелдеп үлгерді. Қазақстан оны ТМД елдеріне ұсына алады. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының кеңесінде айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев пандемияны тек жаппай иммундау арқылы еңсеруге болатынынын айтты.

Елімізде отандық тағы үш вакцина әзірлемесі дайындалды. Олар клиникалық зерттеуден сәтті өтіп жатыр. Сонымен қатар Ресеймен бірлесіп «Спутник V» екпесін өндіру жолға қойылды.

Жалпы, ТМД елдері пандемия кезінде жұдырықтай жұмыла білді. Мәселен, Қазақстан отандық екпенің бірнеше партиясын көрші елдерге гуманитарлық көмек ретінде жіберді. Енді вакциналау паспортын өзара тануды жеделдету керек.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Қазақстан тығыз ынтымақтастыққа, тәжірибе алмасуға және өз вакцинасын жеткізуге дайын. Сонымен қатар ТМД кеңістігінде вакцина паспортын өзара тануды жеделдетуді ұсынамын. Мұндай шешім қабылдау арқылы азаматтардың еркін қозғалысын қамтамасыз етеміз және іскерлік байланыстарды жандандырамыз.

Хабар 24 телеарнасы