434.16 493.30 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанға мемлекеттік сапармен барады

  • 227
  • UPD: 15:37, 22.10.2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанға мемлекеттік сапармен барады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Гурбангулы Бердімұхамедовтің шақыруы бойынша 24-25 қазанда Түрікменстанға мемлекеттік сапармен барады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Instagram парақшасында мәлім етті.

Сапар барысында екі ел басшылары шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізеді деп жоспарланған.

Келіссөздерде сауда-экономикалық, көлік-транзиттік және мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан мен Түрікменстанның стратегиялық серіктестігін нығайтудың перспективалары қарастырылмақ. 

Сонымен қатар өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікірлер ортаға салынады.

Сапар қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылады деп күтілуде.

Хабар 24 телеарнасы