«Хабар» Агенттігіне 26 жыл толды

1995 жылы 23 қазанда Үкімет қаулысымен «Хабар» Агенттігі республикалық мемлекеттік мекемесі құрылды. «Хабар» Агенттігі» РМК-нің бас директоры болып Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева сайланды.

Агенттік құрылғаннан бастап, алдымен аймақтық, содан кейін шетелдік ақпараттық желі құру жұмысы алда тұрды. Үздік аймақтық журналистерді таңдауда тілшілер қосынын техникалық жағынан жабдықтауда, ақпаратты жариялау тәсілдерін ойластырудағы жұмыстардың қиындықтары ең бірінші Р.С. Ахметова және З. А. Нұрмұрат сияқты тілшілер желі редакторларының мойнына түсті. 1996 жылдың аяғына қарай Ақмола, Қарағанды, Семей қалаларында тілшілер қосыны ашылды. Бүгінгі таңда ел бойынша ең ірі 14 аймақтағы тілшілер қосыны жұмыс істеуде.

1996 жылы тікелей эфирге жаңалықтар дайындауға және таратуға арналған «Хабар» Агенттігінің бірінші студиясы құрылды. Мұнда ағылшынның Quantel компаниясының ең заманауи сандық телевизиялық жабдығы таңдалды. Quantel компаниясынан алған NewsBox-тың екі жинағы студияның ядросына айналды. Бұл компьютерлер (қазіргі өлшемдермен қарағанда өте көлемді) жаңалықтарға арнап лентаға түсірілген материалдарды жедел монтаждауға арналған.

1998-1999 жылдар аралығында үлкен циклдық бағдарламалар жасау үшін 600 метрлік Аппараттық-студиялық блоктың жабдықталған N5 студиясы («Sony» компаниясының өнімі) және қозғалмалы телевизиялық станцияларымен бірге жабдықталған түсіру павильоны бар N 4 студиясы қолданысқа берілді. Шоу-жарықты монтаждауды, кранды, хабар тарату серверлері қондырылған «Хабардың» эфирлік аппараттық жаңғыртылуын қоса алғанда кейінірек алған сегіз камераға арналған ЖТС Sony жабдығы жаңа деңгейдегі бағдарламалар жасауға мүмкіндік туғызды: концерттер түсіру, спорттық іс-шараларды жүргізу, ток-шоулар өткізу және маңызды оқиғаларды тікелей эфирде көрсету.

Бүгінгі «Хабар» Агенттігі қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде хабар тарататын төрт телеарнаның басын қосқан телеотау, олар: «Хабар» телеарнасы, «Kazakh TV» ұлттық спутниктік телеарнасы, тәулік бойы жұмыс істейтін «Хабар 24» ақпараттық телеарнасы мен «EL ARNA» киноканалы.