Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК 30 қазан мен 1 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Қазанның көп бөлігі қазақстандықтарды жылы күндермен қуантты. Ал қараша бізге нағыз күзгі ауа-райын сездіртеді.

Демалыс күндері Қазақстан аумағына Солтүстік-Батыс циклон әсер ете бастайды. Ол жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашынды, желдің күшеюін, солтүстік облыстарда бұрқасын және көктайғақ құбылыстарын, сондай-ақ ауа температурасының төмендеуін алып келеді», делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.