Қазақстандықтарды қаржы пирамидасы тақырға отырғызды

Елімізде тағы да қаржы пирамидасын құрғандар анықталды. Ішкі істер министрлігі бұл туралы ресми мәлімдеме жасады.

Қаржысын көбейтемін деп алданғандар саны 1000 адам. Ал келтірілген шығын 1 млрд теңгеден асады. Адамдардың сенгені соншалық тіпті кейбіреуі үйлеріне дейін сеніп тапсырған. Қылмыстық іс бойынша 4 адам айыпталды. Оның ішінде бұрын Белоруссиядан экстрадицияланған Ресей азаматы жауапқа тартылды.