Екібастұзда Қ.Тоқаевтың қатысуымен Моноқалаларды дамыту мәселелері жөніндегі кеңес басталды

Екібастұз қаласында Мемлекет басшысының қатысуымен Моноқалаларды дамыту мәселелері жөніндегі кеңес басталды.

Жиын барысында моноқалалардың экономикасын әртараптандырудың маңыздылығы сөз болды.

«Қазақстанда 89 қала бар. Соның 27-сі немесе 30 проценті – моноқалалар. Онда 1 миллион 400 мың адам тұрады. Бұл – халқымыздың 8 проценті. Қазір моноқалалар экономикамызды дамытуға едәуір үлес қосып отыр. Олар өндірістік өнеркәсіп өнімдерінің 40 процентке жуығын өндіреді», ­– деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы осы орайда жаңа жұмыс орындарын ашу мәселесіне де тоқталды.

«Моноқалалардың экономикасын әртараптандыру айрықша маңызды. Басқа да салаларды дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашу – аса өзекті мәселе. Бізде әлі күнге дейін моноқалаларды өркендетуге қатысты нақты ұстаным мен ортақ пікір жоқ», – деп мәлімдеді.