Мемлекет басшысы Қарулы күштерді дамыту жөнінде нақты тапсырмалар берді

Қасым-Жомарт Тоқаев Стратегиялық командалық-штабтық әскери оқу-жаттығу жиынын өткізді.

Қорғаныс министрлігінде Қазақстан Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшының төрағалығымен кезекті Стратегиялық командалық-штабтық әскери оқу-жаттығу жиыны өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекеттік орган басшылары Президентке гибридті қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл шаралары мен мемлекеттің қорғаныс қабілетін арттыру жөнінде баяндады.

Оқу-жаттығу жиынының қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін одан әрі дамыту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.