Junior Eurovision 2021: «Хабар» арнасында ұлттық іріктеудің финалы басталды

«Хабар» арнасында​ Junior Eurovision 2021​ Ұлттық іріктеуінің финалы басталды.

«Хабар» арнасының тікелей эфирінде көрсетіліп жатқан ән байқауына он өнерпаз қатысып жатыр. Қазылар алқасының бағасы және қазақстандықтардың SMS дауыс беруі арқылы  жеңімпаз анықталып, ол 19 желтоқсанда​ Парижде​ өтетін ән байқауында​ Қазақстанның атынан өнер көрсету құқығына ие болады.

«Хабар»​ Агенттігінің Еуропалық Хабар тарату одағының қауымдастырылған мүшесі болып табылуының арқасында мүмкін болды.

Бұған дейін финалға өткендердің тізімін жарияланғанбыз.

Финалистер:

- Амантай Айганым Айбекқызы

- Бекнұр Жәнібекұлы

- Асгатова Амина Бауржанкызы

- Саакян Армен Ервандович

- Хамзин Алинур Азаматович

- Табарина Екатерина Денисовна

- Маким Жан Алиұлы

- Түгелбай Әлімжан Мейрамбекұлы

- Жұмабай Абілқайыр Досанұлы

- Суленова Адина Ерлановна.