Теміртас Жүсіпов бокстан әлем чемпионы атанды

Қазақстандық боксшы Теміртас Жүсіпов Белградтағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

48 келіде жұдырықтасқан Теміртас Жүсіпов финалда таиландтық Вуттичай Юрачайды 5:0 есебімен жеңді.

Сондай-ақ ол қарсыласын үшінші раундта нокдаунға жіберіп, өзінің әлемдегі мықтылығын дәлелдеді.