Қарағандыдағы шахтада метан газының таралуынан алты адам қаза тапты

Қарағандыдағы шахтада 6 адам опат болды. Оқиға Абай шахтасында бүгін таңертең сағат 09:30-да болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақпаратқа қарағанда жер астында метан газы таралған. Шахтада барлығы 64 адам болған екен. Қазір оларды сыртқа шығару жұмыстары жүріп жатыр.