Ақтаудағы жарылыс орны әлі де қауіпті

Тас-талқаны шығып қираған дәмхана жанындағы өзге де нысандарда газ баллоны қолданылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кәсіпкерлердің айтуы бойынша, өрт сөндірушілер үйінділер астынан тағы көгілдір отын толы екі баллонды іздеп жатыр.

«Апаттың нақты неден шыққаны барлық жұмыстар аяқталған соң белгілі болады» - дейді мамандар.

Айта кетейік, жексенбінің кешінде болған күшті жарылыс қала халқын шошытты. Дүмпу Ақтауға іргелес Мұнайлы ауданының Атамекен, Маңғыстау ауылдарына да естілген. Апат болған көшеде жеңіл көліктердің жүріп жатқаны кадрлардан анық көрінеді. Оқиға болған 20 минуттан соң жедел штаб құрылып, кәсіпкерлік ғимарат аумағы қоршалды.

Нұрдәулет Қилыбай, қала әкімі:

– Біздің тарапымыздан барлық техникаларды жұмылдырдық. Ток қуат көзінен ажыратылды. Газды сөндірді. Қазір төтенше жағдайлар мамандары кинологтармен бірлесе оқиға орнында жұмыс жасап жатыр. Иесінің ақпараты бойынша кешкі сағат 20.00 шамасында асхананы жауып шыққан. Ғимарат ішінде адам болмады дегенді айтып отыр.

Жарылыс 29 А ықшам ауданындағы 2 қабатты сауда нысанының бір бөлігі болған дәмхананы түгелімен қиратты. Күштілігі соншалықты қарсы беттегі техникалық қызмет көрсету орталықтарының темір есігі майысып кеткен.

Полиция қызметкерлері мен төтенше жағдайлар мамандарының айтуынша, зардап шеккендер жоқ. Әлеуметтік желілерге таралған жалған ақпарларға орай дәмхана иесі мәлімдеме жасады.

Абай Әміреев, жеке кәсіпкер:

– Бала-шағамды алып шығып кеткенмін. Сағат 19.30 шамасында. Өзім жауып құлыптап кеткенмін. Қасымда токарь бар, электрик бар. Арғы жағымда тағы электриктер, асхана бар. Оларды енді мен білмеймін. Жауап бере алмаймын.

Абырой болғанда апаттан зардап шеккендер жоқ. Алдын ала болжам бойынша ауаға газ таралу салдарынан жарылыс болған. Полиция өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Авторлары: Талғат Исламұлы, Саламат Бекбаев