Президент қазақстандықтарды Ұлттық валюта күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық валюта күнімен және қаржыгерлерді кәсіби мерекесімен құттықтады.

Бұл туралы Мемлекет басшысы твиттер парақшасында жазды.

«Баршаңызды Ұлттық валюта күнімен және қаржыгерлерді кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Төл теңгеміз – қастерлі Тәуелсіздігіміздің символы. Сонымен қатар экономикалық дамуымыздың басты кепілі. Еліміздің қаржы жүйесіне халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту міндеті жүктеледі» делінген құттықтауда.