loader


Шортанды жарылысынан зардап шеккендер дәрігерлердің бақылауында

Жарылыстан зардап шегіп, аудандық ауруханаға түскен адамдардың екеуі жарақат алмаған, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Жарылыстан қатты шошынған екі адам қалыпқа келген соң үйіне жіберілді. Ал алтауы елордадағы №1 және №2 көпбейінді ауруханаға кеше санавиациямен жеткізілді. Көбін әр түрлі деңгейде күйік шалған. Ал аудандық ауруханада 1 жастағы бала қалды. Қазіргі жағдайы тұрақты. Ол ауданда емделеді.

Руслан Бутембаев, Шортанды аудандық ауруханасының бас дәрігері:

– Екі адамды үйлеріне жібердік. Жағдайлары жаман болған жоқ. Тек қатты шошынған. Алты науқасты Нұр-Сұлтанға көпбейінді ауруханаға жеткіздік.

Шортандыда газ баллоны жарылып, үш адам мерт болды

Шортандыдағы жарылыс. Оқиға орнынан тікелей қосылым

Шортандыдағы жарылыстан зардап шеккендер бір пәтерде болған

Сондай-ақ...