433,39 493.30 5,91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды

  • 179
  • UPD: 10:15, 19.11.2021
Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды Tengrinews.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды.

Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

«Мемлекет басшысы Алматы қаласындағы резиденциясында еліміздің қаржы секторының өкілдерімен кездесу өткізеді. Бұдан кейін Президент бірқатар әлеуметтік, білім беру мекемелерін және басқа да нысандарды аралап көреді, сондай-ақ қаладағы жылу электр орталықтарының біріне жүргізіліп жатқан қайта жөндеу жұмыстарының барысымен танысады деп жоспарланып отыр» делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы