430,43 492.25 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Книжевское қоймасындағы плотинаны су жырып кетті

  • 181
  • UPD: 10:53, 22.11.2021

Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметі бойынша дамбыда жарықшақ кеше түн мезгілінде пайда болған. 

Жалпы бұл су қоймасының сыйымдылығы 4,47 млн текше метр. Қазір жасанды көл жартылай толы. Көлден аққан судың болжамды көлемі шамамен секундына 30 текше метр. Су қазір Қарғалы өзенінің бойымен ағып кетіп жатыр. Одан әрі Іле ауданындағы Күрті су қоймасына құяды. Әйтеуір мал-жан аман. Тек Мыңбаев-Қасымбек автожолына қауіп бар. Бұл маңда полиция қозғалысты шектеді. Жағдайға байланысты арнайы штаб жұмыс істеп тұр.

Хабар 24 телеарнасы