Елбасы «Елдіктің жеті тұғырын» ұсынды

Бүгін Саяси кеңестің кеңейтілген отырысында Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясы Төрағасының өкілеттігін беру туралы шешім қабылдап, партияны ел Президенті басқаруы тиіс деді. Өкілеттіктерді тапсыру рәсімі партияның Жарғысына сәйкес орындалады. Бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаев партия Төрағасының қызметінде қала береді.

«Нұр Отан» - маңдайалды партия, жетекші саяси күш. Өркендеуді мұрат тұтқан елдің әр жетістігінің басы-қасында жүретін бірлестіктің қызметі осы анықтамаға толық сай келеді. Қиын замандардың кез келген кедергісінен қаймықпай өтіп, ысылған, жылдар мол тәжірибе жинаған «Нұр Отанның» алдағы бағыт-бағдары айқын.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

- Біз отыз жылда ғаламат мойындады.

Партияның ұстанымы нық. Әрбір бастама даму, реформа және азаматтық қоғам дейтін үштағанмен ұштасып жатыр. Ал мұның бәрі түптеп келгенде  әлеуметтің әл-ауқатын жақсартуға септесуге тиіс. Әуелгі мақсат осы болатын. Қазір де партияның көздегіні осы.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

- Әр азаматқа лайықты өмір үшін өзгерістер жолына түскен партияға қатысты Елбасы бүгін тарихи мәлімдеме жасады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

- Важно, чтобы все казахстанцы консолидировались вокруг государственного курса Президента и вместе работали над его реализацией. Партия «Nur Otan» должна активно заниматься этим вопросом, объединяя власть и общество. Я стоял у истоков создания партии, возглавлял её все эти годы и знаю, что будет важным, если партию «Nur Otan» будет возглавлять Президент страны. У нас так и было. Мы это должны решить, опираясь на Устав партии. Это важный шаг, на который нужно пойти, чтобы продемонстрировать наше единство.

1999 жыл. Сол кездегі «Отан» Республикалық саяси партиясының бірінші құрылтайы. Партия әуелден елдің тұрмысын түзеуге септесетін экономикалық және саяси реформаларға мән берді. Қос ғасыр тоғысар тұста құрылған қазіргі «Нұр Отан» қыруар іске ұйытқы болды. Партияның қалыптасуы, дамуы, елдің сеніміне ие болуы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты.

Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы:

- Осы уақыттың ішінде, мемлекетіміз Сіздің, құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, көреген, салиқалы саясатыңыздың арқасында барлық салада үлкен табыстарға жетті.

Елбасы (тарихпен алғанда, аз ғана уақыттың ішінде) Қазақстанды барлық қиындықтардан  аман-есен  алып шығып, абыройы асқақ,  беделі жоғары, өркениетті ел қатарына   жеткізді. Осы табыстарымызды қазіргі уақытта Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жалғастырып, елімізді одан әрі дамыту жолында  тиімді реформалар және нақты қадамдар жасап келеді.

Жыл басынан бері Мәжілістің қарауына 128 жоба келіп түсті. Соның 80-ні мақұлданды дейтін болсақ,  80-нің 19-на «Нұр Отан» фракциясы мұрындық болыпты. Бүгін Елбасы депутаттар қиын кезеңге қарамастан Үкіметтің дағдарысқа қарсы шараларын іске асыруға қажет заңдарды уақтылы қабылдады деді. Жиын барысында Премьер-министр қолға алынған жұмыстар туралы баяндады.

Асқар Мамин, ҚР Премьер-министрі:

- Тәуелсіздік жылдары қол жеткізген нәтижелері елдің әлеуметтік-экономикалық  дамуының елеулі көрсеткіштерін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. 30 жылдың ішінде ЖІӨ 17 есе өсті. Сыртқы сауда айналымы көлемі 100 млрд долларға дейін өсті. Жалпы, елдің халықаралық резервтері 90,9 млрд долларға дейін өсті. Елге 400 млрд долларға жуық тікелей шетелдік инвестиция тартылды.  Қазақстан ТМД елдері арасында жан басына шаққанда шетелдік инвестиция тарту бойынша 1-орында. Жеке бастамаларды қолдау мен дамыту 2021 жылы экономиканың шағын және ортао бизнес үлесін ЖІӨ 33 пайызына дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді.  Бұл сектордағы жұмыспен қамту 3,4 млн адам дейін ұлғайды. Өңдеу өнеркәсібін дамыту аясында 500-ден астам жаңа өнім түрін шығару жолға қойылды. Елімізде әлеуметтік және инженерлік  инфрақұрылымды салу бойынша жобаларды жүзеге асыру қарқыны жоғары.

Айта кетейін, Жарғыға сәйкес, «Nur Otan» партиясының Төрағасын сайлау мен оны лауазымынан босату Партия съезінің ерекше құзыретіне жатады. Оған дейін Нұрсұлтан Назарбаев партия Төрағасының қызметінде қала береді.

«Атқаратын лауазымына, құқықтарына қарамастан, Нұрсұлтан Әбішұлы ұлтымыздың Көшбасшысы – Елбасы, әлем мойындаған қазіргі заманның көрнекті саясаткері, беделді тұлға болып қала беретінін түсіну керек. Заманауи Қазақстанның негізін қалаған, жанын салып, бүкіл өмірін елге арнаған адамның әрқашан халық мүддесін ойлап, еліміздің болашағы үшін алаңдайтынын бәрі түсінеді деп ойламын. Елбасының бұл ұстанымы өзгермек емес. Заманауи Қазақстанның негізін қалаған, жанын салып, бүкіл өмірін елге арнаған адамның әрқашан халық мүддесін ойлап, еліміздің болашағы үшін алаңдайтынын бәрі түсінеді деп ойламын. Елбасының бұл ұстанымы өзгермек емес. Бүгінгі шешім – билік транзитінің қисынды жалғасы ғана».

Айдос Үкібай, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының кеңесшісі - Баспасөз хатшысы:

- Саяси кеңестің кеңейтілген отырысында Елбасы «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағиданы ұсынды. «Бұл отыз жылдық белесті елмен бірге өткерген Елбасы ретіндегі менің жас ұрпаққа жолдар үндеуім деп қабылдаңыздар» деді Нұрсұлтан Назарбаев Әуелгісі – Тәуелсіздік. Жер жүзінде өз алдына дербестігі жоқ қанша ұлт пен ұлыстың барын ескерсек, еселі еңбекке арналған отыз жыл ұлт тарихында алтын әріппен жазылары анық дей келе Тұңғыш Президент келесі қағиданы атады. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

- Этникалық әралуандық – біртұтас ұлт ретінде қалыптасқан халқымыздың артықшылығы.Бүгінде бірлік пен этносаралық татулықты сақтау жолында отыз жыл бойы жүргізген сындарлы саясаттың жемісін көріп отырмыз. Бір шаңырақтың астында тату-тәтті ғұмыр кешіп, татулық пен сыйластықты қамтамасыз етуде Қазақстан халқы Ассамблеясының әлеуеті зор.

Жер – ата-баба мұрасы, халық қазынасы. Ал Отбасы мен салт-дәстүр – қоғамның алтын діңгегі. Ұлттық мәдениет – халықтың рухани тірегі болса, білім мен еңбек – бақуатты өмірдің кілті. Елбасы әр қағидаға жеке тоқталды. Соңын пргаматизммен түйнідеді.

Дархан Әбдуахит