Өзбекстан Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді

Өзбекстан Президенті Қазақстанға екі күндік мемлекеттік сапармен келді. Бұл туралы өзбек басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «Хабар 24» телеарнасы хабарлайды.

Шавкат Мирзиеев Қазақстанға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен келген. Мемлекеттік сапар аясында өтетін негізгі шаралар ертеңге жоспарланған. Тараптар кеңейтілген және шағын құрамда кездеседі. Қос елдің басшылары сауда-экономика, инвестиция, көлік және логистика сияқты салалардағы ынтынмақтастықты талқылайды. Бұдан бөлек аймақтық және халықаралық саясат мәселелері жөнінде пікір алмасады.