Қазақстанда зейнетақы төлемдерін пайдалану ережелері өзгерді

Қазақстанда зейнетақы төлемдерін пайдалану ережелері өзгерді
azattyq-ruhy.kz

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және ТКШ істері комитеті басшысының орынбасары Бақытжан Қашақов Facebook-тегі парақшасына жазды, деп хабарлайды Хабар 24.

Қазақстанда тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларына енгізілген өзгерістер туралы комитет басшысы былай деп жазды. 

«Баршаңызды қуантқым келіп тұр! Бүгін тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану ережелеріне өзгерістерді бекіттік. Жаңа нормаларға сәйкес енді:

– Тұрғын үй сатып алу үшін тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымды толықтыруға болады. Бұл ретте үш жыл ішінде тұрғын үй қарызын рәсімдеу қажет.

Сонымен қатар мемлекет сыйлықақысы мен сыйақы мөлшерлемесі толықтырылған қаражат ескеріле отырып, салым сомасына төленеді.

– Жеке үй салу үшін жер учаскесін сатып алу немесе өзінің жер учаскесінде жеке үй салу. 

Алайда тұрғын үй құрылысы жинақтары салымын кепіл ретінде беруге болмайды».