Енді зейнетақы жинақтарын пайдалануға 20 жұмыс күні беріледі

Зейнетақы жинақтарын пайдалану мерзімі өзгерді.

Бұл туралы Otbasy bank инстраграм-парақшасында хабарлады.

Яғни, БЗТ арнайы шотқа түскеннен кейін, қаражатты 20 жұмыс күні ішінде мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі болады.

Назар аударыңыз!

20 жұмыс күнін есептеу онлайн-платформада өтінім жіберген сәттен емес, БЗТ қаражаты сіздің арнайы шотыңызға түскен сәттен бастап есептеледі.

Арнайы шот ашу үшін банкке келудің қажеті жоқ.

Жай ғана Otbasy bank мобильді қосымшасын жүктеп алып, онлайн ашыңыз. Сондай-ақ, www.otbasybank.kz сайтындағы бейне қоңырау арқылы ашуға да болады.

Арнайы шотты онлайн ашу бойынша толық бейне нұсқаулықты @otbasy_bank_kz парақшасындағы актуалды стористер немесе YouTube каналдан қараңыз.

Сонымен қатар чат-бот арқылы өзіңіздің БЖЗҚ Біржолғы Зейнетақы Төлемдеріңіздің қай сатыда тұрғанын тексеруге болады.

Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін enpf-otbasy.kz платформасы арқылы қолдану кезінде жолдаған өтінімдеріңіз қай сатыда екенін тексеру үшін +7 705 925 13 01 нөміріне WhatsАpp арқылы немесе Telegram-да Quanysh_bot жазыңыз.