Зейнетақы қорының басшысы сынға ұшырады

Мәжілістің жалпы отырысына дайындықсыз келген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басшысы Нұрлан Нығматулиннен сөз естіді.

Жанат Құрманов депутаттың сауалына нақты жауап бере алмай, сынға ұшырады. Мәжіліс Төрағасы қор басшысының 3 апта бойы зейнетақының шекті қаражат мөлшері бойынша халыққа тіс жарып ештеңе айтпағанын да атап өтіп, мекемені қалай басқарып отырғанын сұрады. Сондай заң жазып берді деп сілтема жасағанша, отырысқа дайындықпен келу керектігін ескертті.