16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні

16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні

Қазақстанның өз алдына тәуелсіздік алып, еңсе тіктегеніне – 30 жыл.

Тарих үшін қас-қағым сәт ғана шығар. Бірақ әлем сәт сайын құбылып, дамып бара жатқанын ескерсек, аз уақыт емес. Бұл мемлекетіміздің қауіпсіздігін, геосаяси еркіндігін, территория тұтастығын қамтамасыз етіп, ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астында біріктіріп отырған қуатты Қазақстанның жаңа жолы. 

Отыз жылда ел өзгелермен иық тірестірді. Шекарасын бекітті, Ата заңын қабылдады. Төл теңгесін енгізіп, салт-дәстүрін  жаңғыртты. Түптеп келгенде ең басты құндылығымыз Тәуелсіздік. Бұл ұлы даланы қорғаған батырлардың төгілген қаны мен терінің өтеуі. Бабалардың арманы, аналардың ақ тілегі.