Елордада Сирия мәселесіне арналған келіссөздер жүріп жатыр

Елордамызда Сирия мәселесіне қатысты келіссөздер жүріп жатыр. XVII Халықаралық жиынға Сирия үкіметінің мүшелері, Иран, Түркия және БҰҰ-ның өкілдері қатысуда.

Күн тәртібінде елдегі экономикалық ахуал, тұтқындарды алмасу, босқындарды қолдау сынды бірқатар мәселе белгіленген. Ал ең бастысы лаңкестік топтарға қарсы іс-қимылды күшейту. Сириядағы ахуалды тұрақтандыру үшін қазір нақты әрекет ету керек. Бұл туралы Ресей Федерациясы президентінің арнайы өкілі Александр Лаврентьев мәлімдеді. Оның айтуынша, Сирия алдағы уақытта террористік ұйымдардың ошағына айналмауы үшін бұл мәселеге баса мән берген абзал.

Александр Лаврентьев, РФ президентінің арнайы өкілі:

– Қазір «Ирак пен Левант» лаңкестік тобының белсенділігі артып, елде етек жайғаны бізді қатты алаңдатып отыр. Олар Сирияның ұлттық әскеріне қарсы арандату әрекетіне көшкен. Әрине, әскердің бұған құр қарап отырмайтыны анық. Міне, ахуалды тұрақтандыру үшін лаңкестерге тоқтау салу керек. Қазір нақты әрекетке көшетін кез келді.

 

Сондай-ақ...