Қ.Тоқаев мәдениет саласындағы стипендияны беру туралы Жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын беру туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Жарлықтың толық мәтіні:

2021 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын беру туралы

  1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес 2021 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясы берілсін.
  2. Осы өкім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 22 желтоқсан.