Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы сауда-саттық қайта жанданады

Осыны діттеген Үкімет мүшелері бір топ кәсіпкерді алып Кабулға барып қайтты, деп хабарлайды Хабар 24.

Қазір біздің ұнды, матаны өзге де керек-жарақты өзге елдің пысықтары ауған халқына еселеп сатып жүр. Бұдан ол жақтағы ел де, бұл жақтағы кәсіп иелері де қағылады. Енді қазақ пен ауған көзбе-көз кездесіп, болашақтың қамын ойластырды. Нәтижесінде Қазақстан тарапы ұн мен макарон өнімдері және басқа да тауарлардың экспорты бойынша миллиондаған долларлық меморандуға қол қойды.

Аслан Қаженов, тілші:

– Шымкент әуежайы. Таңғы сағат 9. Дәл мына ұшақ бірер минуттан кейін Кабулға аттанады. Ал мынау біздің делегация.

Шымкент пен Кабул арасындағы жол 3 сағатқа жуық уақытты алады. Қазақстандық тарап бұл жолғы іссапарға әскери ұшақты таңдауы бекер емес. Әуе кемесінде арнайы делегациядан бөлек 1 жарым тонна гуманитарлық жүк бар. Оның ішіне медициналық құрал-жабдықтар мен тұрмыстық керек-жарақтар салынған. Сауда және Интеграция минстрі ұшақтан түсісімен оны ауған тарапына табыстады.  Тағы осындай көлемдегі қолдау құрлық жолдарымен жеткізіледі деді Бақыт Сұлтанов. Сәйкесінше, ауған тарапы да қонақтарын өте жылы қарсы алып, барынша құрмет көрсетіп жатыр.

Аслан Қаженов, Тілші:

– Кабул төрндегі қонақ үйлердің біріндеміз. Мұнда қазір Қазақстан және Ауғанстан кәсіпкерлерінің бірлескен форумы өтеді. Соның аясында бірқатар келісімдер жасалады деп күтіліп отыр.

Айта кету керек, мұндай форматтағы жиын ұзақ үзілістен кейін қайта жанданды. Әсіресе Ауғастанда билік ауысып, тізгінге тәліптер келгелі байланыс үзілген еді. Форум барысында осыны қалпына келтіру тетіктер сөз болды.

Ермек Қапанов, кәсіпкер:

– Қарапайым тілмен айтқанда, біз өзіміздің тігін цехында осындағы ауруханаларға халатттар мен костюмдер тігеміз. Төсек-орындарды тігеміз. Олар қабылдайды. Басқа сала өкілдері де келіп, бізбен жұмыс жасайық деп,  тігін жағынан емес, типограция жағынан, жүн жағынан, содан кейін текстиль жағынан сөйлесіп, меморандумдарға қол қойып, өте ризамыз.

Самиғолла Салех-Муххаммед, кәсіпкер:

– Бұған дейін біз көп жұмыс жасадық. Ауғанстанға ұн экспорт жасадық. Бірақ мына тәліптер келгелі біраз қиыншылық болып жатыр. Ауғанстаннан ақша шықпай жатыр. Банк жүйелері қиын болып жатыр және көрші Өзбекстан біраз жұмысты тартып алып жатыр. Біздің бидайды Өзбексанға өндіріп, арзан бағамен өткізеді. Сондықтан өндіріс тоқтап тұр. Ақырындап істейміз, көп емес. 

Аслан Қаженов, тілші:

– 6 миллионға жуық халқы бар Кабул қаласы мен 40 миллион халқы бар жалпы Ауғанстан азық-түлік өнімдері және тұрмыстық керек-жарақты өндірушілер үшін өте қолайлы орта, керемет нарық. Оны кәсіпкерлеріміз тиімді пайдаланып келген. Бірақ кейінгі жылдары қалыптасқан жағдайға және басқа да себептерге байланысты сауда-экономикалық қарым-қатынас айтарлықтай бәсеңдеген. Енді бүгінгі жиын барысында  мына темірмен қоршалған, сымдармен қымталған қонақ үйдің ішінде осы мәселерді барынша реттеуге үлкен күш салпынып жатыр.

Атап айтар болсақ, қаңтар мен қазан аралығында қос ел арасындағы тауар айналымы 346 миллион долларға жетті. Бұл былтырғымен салыстыстырғанда 27 процентке кем. Қазақстан мұнда негізінен бидай мен ұн жеткізіледі. Бұдан бөлек, мұнай-химия, металлургия, машина жасау, ағаш өңдеу және жеңіл өнеркәсіп өнімдерін жеткізе алады. Бизнес форумда осы мүмкіндіктер де айтылды. Бизнес форумда баядама жасаған министр қазір енді жергілікті сыртқы істер министрімен кездесуге бара жатыр. Жұмыс кестесі өте тығыз. Осы бір күнде бірқатар келіссөз бен кездесу жасап үлгеру керек. Жұмыс жалғасып жатыр.

Бақыт Сұлтанов Ауғанстанның сыртқы істер министрі Амир  Хан Муттакимен, артынша Сауда және өнеркәсіп министрі міндетін атқарушы Нуриддин Азизимен кездесті. Бұған қоса, Ауғанстан премьер-министрінің орынбасары Абдула Салам Ханафидің қабылдауында болып, екіжақты байланысты нығайту мүмкіндіктерін талқылады.

Бақыт Сұлтанов, ҚР сауда және интеграция министрі:

– Біздің негізгі мақсатымыз сауда-экономикалық байланысты жалғастыру. Өйткені мына өзгерістер кезінде біраз келісім үзіліп, қазіргі күні негізгі масқат бұл осындай конрактілерді жаңадан жасау және жаңасын табу. Бүгінгі күні алғашқы 1,5 млн долларға алғашы келісімдерге қол қойылды және басқаларына негіз қаланды.

Енді құзырлы ведмоство мен экспорттаушы компаниялардың өкілдері осы іссапарда сөз болған мәселелерді сараптап, жаңа мүмкіндіктер іздеуге кіріседі. Тараптар алдағы уақытта да осындай басқосуларды тұрақты ұйымадстырып тұрмақ.