Мемлекеттік қызметкерлер жұмыстан тыс уақытта табыс таба алады

Бастысы жастар кадрлық резервіне өткен үміткерлер қысқартуға ілікпейді, деп хабарлайды Хабар 24.

Себебі биыл мемлекеттік қызметшілер саны 10%-ке, келер жылы 15 процентке қысқартылады. Бірақ іріктелініп алынған үздік мамандарға бұл қысқартудың қатысы жоқ. Сонымен қатар мемлекеттік қызметкерлерге жұмыстан тыс уақытында табыс табуға рұқсат берілмек. Ол үшін қазір қолданыстағы заңнамаға тиісті өзгерістер енгізу көзделіп отыр.

Анар Жайылғанова, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы:

– Қосымша басқа да мысалы жұмыстармен таксист болып, жұмыстан бос кезінде семьясын асырауға рұқсат беретін қазір заңға тиісті өзгерістер дайындап жатырмыз. Бірақ ол қазір қабылданған жоқ. Ал кәсіпкерлікпен айналысуға болмайды.

Айта кетейік, биыл Президенттің жастар кадр резервіне 50 үміткер енді. Олардың дені шетелдік жетекші оқу ордаларында білім алған. Үміткерлердің орта жасы 30-да болса, ең жасы 25-те.

Резервке енген 13 адам квазимемлекеттік секторда еңбек етеді. 24 адамның  басшылық лауазымдарда жұмыс істеу тәжірибесі бар. Ііріктеудің алғашқы сатысында 8600-ден аса өтінім келіп түскен. Ал байқауды ұйымдастыру жұмыстарына қазынадан 70 миллион теңгеге жуық қаражат бөлінді. Бұл қаржы ІТ-платформаны дайындап, сарапшыларды тарту және ассесмент орталық ұйымдастыруға жұмсалды.

Ерлан Әбіл, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының ректоры:

– Мемлекеттік басқару академиясы осы жобаны 4 бағыт бойынша іске асыруға белсенді қатысты. Біріншіден, біз мемлекеттік тілді меңгеруді анықтау бойынша қазақ ресми тестті ақысыз түрде онлайн тапсыруды ұйымдастырдық. Бұл үшін 10 мыңға жуық тегін промокод бөлдік. Сондай-ақ Президенттік жастар кадрлық резервке тіркелген азаматтар үшін ақысыз негізде қазақ ресми тестті  тапсыруға дайындалу бойынша онлайн курстар қарастырылды.