Ashyq: көк статустылардың бірқатар нысанға кіруіне шектеу қойылады

«Ашық» қосымшасында көк мәртебемен жүрген тұрғындарға ойын-сауық сауда кешендері, банктер, халыққа қызмет көрсету орталықтары мен Қазпоштаға кіруге тыйым салынады.

Бұл талап келесі жылдың 5 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев осылай мәлімдеді. Бұл қоғамдық орындарда індеттің таралып кетпеуіне септігін тигізеді деген үмітпен қолға алынып отырған шара. Жалпы ауруды ауыздықтау үшін 2022 жылдың алғашқы жартысында 9 миллион қазақстандықты ревакциналаудан өткізу қажет. Үкімет басшысы салалық министрлікке осындай міндет жүктеді.