М.Әшімбаев: 2021 жылы Парламент 104 заңды мақұлдады

Сондай-ақ отырыста Сенат спикері жылды қорытындылады, деп хабарлайды Хабар 24.

Мәулен Әшімбаев биыл мемлекетіміз үшін тарихи әрі айшықты оқиғаларға толы жыл болғанын атап өтті. Еліміз Тәуелсіздіктің 30 жылдығын тойлады, сонымен бірге қос палаталы Парламенттің құрылғанына 25 жыл толды.

Мәулен Әшімбаев, ҚР парламенті сенатының төрағасы:

- Парламент Үкіметпен бірлесіп, Президент жолдауы мен тапсырмаларын іске асыруды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етуде. Соның нәтижесінде биыл Парламент 104 заң қабылдады. Қабылданған заңдар еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық орнықты дамуын көздейді. Осы ретте депутаттардың заң шығаруда бастамашылдығын ерекше атап өткіп келеді.