Жаңа жылдың алғашқы күндері ауа райы қандай болады

Қаңтар айының алғашқы күндеріне арналған ауа райы болжамы.

Ақ теңіз аудандарынан жылжып келе жатқан Солтүстік-Батыс циклон, республикамыздың батысында жауын-шашын (көбінесе қар) тудырады, содан кейін шығыс бағытта жылжып республиканың қалған бөлігіне жетеді. Тек Алматы, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша жел 15-23 м/с дейін күшейеді, батыс және оңтүстік өңірлерде көктайғақ, солтүстік және орталық өңірлерде бұрқасын күтіледі. Жалпы республика бойынша ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы және аяздың бәсендеуі күтіледі. 03 қаңтарда еліміздің солтүстік жартысында ауа температурасы түнде 10...18, күндіз 3-8 градус аяз болады, оңтүстік жартысында термометр бағанасы 0-5 градусқа жетеді, кей жерлерде 0 ... 10 аяз, күндіз 3 ... 13 жылы.