Қазақстанда жаңадан шектеу шаралары қолға алынады

Қаңтардың бесінен бастап коронавирустың алдын алу үшін жекелеген нысандардың қызметіне шектеулер енгізіледі, деп хабарлайды Хабар 24.

ҚР бас санитарлық дәрігерінің қаулысы бойынша демалыста және жұмыс күндері аумағы 6 мың шаршы метрден асатын, азық-түлік сататын орындардан өзге сауда үйлеріне, караокеге ондағы қызметкерлер мен келушілердің тек жасыл түсті мәртебесі барлары ғана жібереледі. Қызмет уақытына шектеу жоқ. Бұл омикронды тежеу, эпидемиологиялық ахуалды қалыпты ұстау әрі ауру сырқаудың асқынып кетпеуі және қосымша шектеу шараларын қолға алу үшін қажет.

Ескеретін жайт, омикрон дельта шатмына қарағанда 5 есе тез таралады. Оның қайта жұғу қаупі де бар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне бойынша бұл дерт бірер айда бүкіл әлемге таралады.