Азаматтардың билік органдарына талап айтуы заңға сәйкес жүзеге асырылуы керек – Тоқаев

Мемлекет басшысы Жаңаөзендегі жағдайға қатысты твиттердегі парақшасында былай деп жазды:

«Азаматтардың жергілікті және орталық билік органдарына талабын ашық айтуға құқығы бар, бірақ бұл заңға, нақтырақ айтқанда, бейбіт шерулер туралы заңға сәйкес жүзеге асырылуы керек».