Президент демонстранттарға үндеу жасады

«Демонстранттарды еліміздің тұтастығы мен бірлігіне сызат түсіруді көздейтін деструктивті топтардың үндеуіне құлақ аспауға шақырамын. Басқа да әлеуметтік-экономикалық талаптар ертеңгі елордада өтетін кеңес барысында жеке қарастырылады» деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев твиттерде.

Сондай-ақ осыған дейін Президент былай деп хабарлады:

– Үкімет өз өкілеттігінің аясында елдегі тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатымен Маңғыстау облысында сұйытылған газ бағасының әр литрін 50 теңгеге дейін төмендету туралы шешім қабылдады.

 

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті