Әлихан Смайылов Премьер-министр лауазымына тағайындалды

Еліміздің жаңа Премьер-министрі – Әлихан Смайылов.

Мәжілістің жалпы отырысында Президенттің ұсынған кандидатурасы депутаттар тарапынан бірауыздан қолдау тапты. Сөйтіп, Әлихан Смайылов еліміздің жаңа Үкімет басшысы.

Айта кетейік, Әлихан Смайылов бұған дейін Премьер-министрдің міндетін атқарды. 1972 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әр жылдары Статистика жөніндегі комитет төрағасы, Президент көмекшісі, Қаржы министрі қызметтерін атқарды. 2019 жылдың 25 ақпанында Премьер-министрдің бірінші орынбасары – Қаржы министрі қызметіне тағайындалған болатын.

Ә.А. Смайыловты тағайындау туралы

2022 жылғы 11 қаңтар

Әлихан Асханұлы Смайылов Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі лауазымына тағайындалсын. 

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 11 қаңтар

№ 754

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Сонымен қатар Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Қазақстан бойынша төтенше жағдай жарияланды

Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды.

Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

10 қаңтар – Жалпыұлттық аза тұту күні

Кәрім Мәсімов тұтқындалды

ІІМ: «Дикий Арман» ұсталды

Тәуелсіз Қазақстан тарихында он бірінші рет аза тұту күні жарияланды

Қ.Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысты