Үкімет үш аптада іс-қимыл бағдарламасын дайындайды

Үкімет 3 аптада 2022 жылға арналған іс-қимыл бағдарламасын дайындауы тиіс, деп хабарлайды Хабар 24.

Премьер-Министрдің айтуынша, жаңа құжат ақпанның басында Үкіметтің кеңейтілген отырысында қаралмақ. Әлихан Смайылов өз сөзінде еліміз бұрын-соңды мұндай дағдарысқа тап болмағанын, сондықтан аянып қалмау керектігін айтты. Ал Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев 2025 жылға қарай инфляцияны 3-4 процентке дейін төмендетуге мүмкіндік барын атап өтті. Тағы бір жаңалық шетелге ақша шығаруға бақылау күшейеді.

Сондай-ақ Досаев Ұлттық банк тиісті ведомстволармен бірлесіп, трансшекаралық операциялар тізбесін бекіткен. Қабылданып жатқан шаралар ақшаны шетке шығаруға жол бермейтінін жеткізді. Бұдан бөлек, Алматы мен Алматы облысында қолма-қол ақша беру үшін тиісті шаралар қабылданды. Елде есеп айырысу жүйесі штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Мемлекет басшысы мәлімдемесінің толық мәтіні

Үкіметтің жаңартылған құрамы бекітілді: толық тізім

Әлихан Смайылов премьер-министр лауазымына тағайындалды.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Сонымен қатар Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды.

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Қазақстан бойынша төтенше жағдай жарияланды

Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды.

Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

10 қаңтар – Жалпыұлттық аза тұту күні

Кәрім Мәсімов тұтқындалды

ІІМ: «Дикий Арман» ұсталды