Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға барды. Ақпаратты оның баспасөз хатшысы Берік Уәли растады.

«Президент Алматыда екенін растаймыз. Ол Алматыда өткен жедел штаб отырысына қатысты. Сондай-ақ, қаза болған полиция қызметкерлері, әскери қызметшілердің туыстары мен жақындары қатысқан кездесу өтті. Президент көңіл айтып, наградалар табыстады», - деді Берік Уәли.