Балалар мектепте оқуын жалғастыра алады

Ел мектептері қайтадан оқудың дәстүрлі форматына көше алады, деп хабарлайды Хабар 24.

Бүгін ведомствоаралық комиссия мүшелері осындай ұсыныс жасады. Оқушы саны 600-ге жетпейтін білім ордалары толыққанды жұмыс істейді. Ал 600 баладан артық оқитын мектептердің жобалық қуаттылығы елу проценттен аспауы керек. Бірақ карантин талаптарын бұзған мекемелер қайта онлайнға ауыстырылады. Сондай-ақ балабақшаларға бүлдіршіндерді ата-аналар келісімімен қабылдауға рұқсат берілді. Колледждер мен жоғары оқу орындары жұмысын аралас форматта жүргізеді. Отырыс қорытындысы бойынша Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов коронавирусқа қарсы вакцина салғызу қарқынын арттыруды тапсырды. Комиссия коронавирусты емдеу үшін жаңа дәрілік препараттарды ерекше жағдайларда пайдаланауға рұқсат берді.