425,02 450,91 6,80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Алматыда зардап шеккен кәсіпкерлерге жеңілдік жасалады

  • 245
  • UPD: 14:24, 20.01.2022

Алматыда бүліктен зардап шеккен шағын және орта бизнес 3 айға дейін коммуналдық төлемдерден босатылады, деп хабарлайды «Хабар 24». Сондай-ақ коммуналдық нысандарды жалға алып отырған кәсіпкерлер 6 ай бойы аренда құнын төлемейді. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді.

Бастаманы кеңсе мен сауда нүктелерін жалға беруші жекеменшік иелерінің басым бөлігі қолдаған. Қазір мүлкі тоналып, қиратылған әр кәсіпкердің мәселесі жекелей қаралып, шығын көлемі нақтыланып жатыр. Жалпы қала орталығындағы сауда нүктелерін жалға берудің орташа құны 250-300 мың теңге шамасында. Соңғы мәліметтерге сәйкес, Алматыда 1600-ге жуық кәсіпкер зардап шеккен. Оның 95 пайызы – шағын және орта бизнес.

Хабар 24 телеарнасы