Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 10,25% деңгейіне көтерді

Елдің Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 10,25 процент деңгейіне көтерді. Бұған дейін 9,75 процент болған еді.

Яғни енді екінші деңгейлі банктердегі несие мен депозиттердің де үстемелері өсуі мүмкін. Орталық банктің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитет инфляцияны төмендету мақсатында осындай шешім қабылдады.

Былтыр желтоқсанда елдегі жылдық инфляция 8,4 процент болған еді. Биыл соны 4-6 процент дәлізіне дейін төмендету міндеті тұр. Ұлттық банктің мәліметіне қарағанда, әлемде азық-түліктің қымбаттауы баяулады. Десе де жылдың бірінші жартысында өсім болады. Ал екінші жартысында карантиндік жағдай тұрақталып, жаңа ауылшаруашылық маусымның басталуына байланысты тауар бағасы біртіндеп төмендеуі мүмкін.