456,05 484,00 8,64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Экология вице-министрі мен «ӨКМ Операторы» басшысы ұсталды

  • 523
  • UPD: 19:01, 26.01.2022

«ӨКМ Операторы» ЖШС басқарма төрағасы Медет Құмарғалиев пара алды деген күдікпен тұтқындалды. Бұл ақпаратты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі растады.

Қазір ол елордадағы тергеу изоляторларының біріне қамалды.

Одан бөлек, Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің орынбасары болған Ахметжан Пірімқұлов та ұсталған. Кейбір деректерде олардың елден қашпақ болғаны айтылады. Бірақ агенттік қызметкерлері бұл мәліметті растамады. Ал «ӨКМ Операторы» ЖШС-нің күмәнді қызметін Мемлекет басшысы да сынға алған.

Жекеменшік мекеме кейінгі жылдары шетелден көлік сатып әкелген жұртқа сол көліктің бағасына жетеғабыл салық салып, халықтың ашу-ызасын тудырған еді.  

 

Хабар 24 телеарнасы