К.Мәсімовтің ісіне «аса құпия» деген таңба басылды

Бұл ақпаратты Ұлттық қауіпсіздік комитеті растады, деп хабарлайды Хабар 24.

Қазір комитеттің бұрынғы төрағасы мен оның орынбасары Әнуар Садықұлов қамауда жатқанын естеріңізге сала кетейік. Ал енді бір орынбасары Дәулет Ерғожинге қатысты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі қаралып жатыр.

Айта кету керек, бүгінде қылмыстық іс «мемлекетке опасыздық жасады», «билікті күшпен басып алуға әрекеттенді» және «қызметін асыра пайдаланды» деген фактілер бойынша қозғалып отыр.

Бұған дейін Мәсімовке жаңа айып тағылған еді.